Контентке өту

Мұқасан Шахзадаевқа қатысты іс неге сотқа жетпей жатыр?

Мұқасан Шахзадаевқа қатысты іс неге сотқа жетпей жатыр?
ашық дерек

Танымал әнші Мұқасан Шахзадаев пен Ғалымжан Сүлейменнің ісі қоғам назарын аударуда. Бұған дейін Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Алайда жәбірленушінің айтуынша, іс әлі күнге дейін сотқа жетпей, тергеу созылып келеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ғалымжан Сүлеймен бұл жағдайға белгілі бір ықпалды тұлғалардың қатысы болуы мүмкін екенін айтып, өзіне қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, жақында көшеде екі жігіт ұстап алып, қорқытқан.

Сондай-ақ жәбірленуші көлігінің дөңгелектерін босатып кеткен жағдайлар болғанын айтып, қазіргі таңда өз өміріне алаңдайтынын жеткізді.

Ғалымжан Сүлеймен істің әділ тергеліп, сотқа дейін жеткізілуін талап етіп отыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты