Контентке өту

Наурыз рухы: Президент «Керуен сарайда» ұлттық мұра мен дәстүр сабақтастығын тамашалады

Наурыз рухы: Президент «Керуен сарайда» ұлттық мұра мен дәстүр сабақтастығын тамашалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы аясында Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешеніне барып, мерекелік іс-шараларға қатысты. Президенттің бұл сапары ұлттық құндылықтарды ұлықтап, халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының назарына қазақ халқының рухани байлығы мен дәстүрлі өнерін танытатын арнайы бағдарлама ұсынылды. Онда қыш және ағаш шеберлерінің қолөнер туындылары, ұлттық киім тігу өнері, зергерлік бұйымдар, теріден жасалған өнімдер көрмеге қойылды. Сонымен қатар, суретшілердің халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани дүниесін бейнелейтін шығармалары да ұсынылды.

Президент сондай-ақ ұлттық спорт ойындарын тамашалап, қазақтың бай спорттық дәстүрімен танысты. Іс-шара аясында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Бұл мерекелік жиын Наурыздың мәні мен маңызын айқындай түсіп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және дәстүр сабақтастығын сақтауға ерекше үлес қосты.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты