Контентке өту

Назым Қызайбай мен Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды

Назым Қызайбай мен Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңінің шешуші жарыс күні басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай финалда Италия өкілі Сирин Чараабиден басым түсті. Ал Виктория Графеева (60 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы Юй-Тин Лиді (Тайбэй) жеңді.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және үш қола медаль бар.

Бұған дейін Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған болатын.

Айта кетейік, бүгін, 21 маусымда финалда Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) да шаршы алаңға шығады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты