Контентке өту

«Несием бар, сонда да жетеді»: Еңбек министрі жалақысы туралы айтты

«Несием бар, сонда да жетеді»: Еңбек министрі жалақысы туралы айтты
ашық дерек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ай сайынғы жалақысының мөлшерін жария етті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Министрдің айтуынша, оның ай сайын алатын жалақысы шамамен 1,2 миллион теңгені құрайды. Ол бұл қаражат отбасының қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті екенін жеткізді.

- Иә, жетеді. Менің төрт балам және жұбайым бар. Екі балам есейген, өз күндерін өздері көріп жатыр. Несиелерім де бар. Соған қарамастан, жалақым отбасымды қамтамасыз етуге жетеді, – деді министр.

Сондай-ақ Асқарбек Ертаев отбасында алты адам бар екенін атап өтіп, қаржылық міндеттемелеріне қарамастан, табысының күнделікті қажеттіліктерді өтеуге жеткілікті екенін айтты.

Министрдің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты