Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу маусым айында аяқталып, кейін материалдар сотқа жолданады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұл туралы Сенат кулуарында журналистердің сауалына жауап берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары заң талаптарына сәйкес сот қарауына жіберіледі.
«Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу маусым айында аяқталады. Одан кейін материалдар сотқа жолданады», – деді Санжар Әділов.
Еске сала кетейік, Нұрайдың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, істің әділ әрі жан-жақты тергелуі көпшіліктің назарында болды.