Ішкі істер вице-министрі Санжан Әділов Нұрайдың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Оның айтуынша, іс аясында қажетті сараптамалар жүргізілген. Соның ішінде сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша айыпталушы есі дұрыс деп танылған. Енді ол заң алдында жауап береді.
Еске салайық, 11 қаңтар күні кешке Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңынан бойжеткеннің мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған еді.