Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Тұрсынов түрікменстандық Довлетмұрат Байрамовпен кездесті.
Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қахарман Қисыметов (77 келіге дейін) те қола жүлде үшін белдескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовқа есе жіберді.