Нұртас Айдарбеков отбасы тәрбиесі мен балаларына қоятын талаптары жайлы айтып, ұлы Қайрат Нұртастың бір кезде сахнадан кетуді ойлағанын еске алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әншінің әкесі бала тәрбиесіне әрдайым ерекше көңіл бөлетінін айтып, перзенттеріне жиі ақыл-кеңес беріп отыратынын жеткізген.
Оның сөзінше, бір күні Қайрат Нұртас қатты шаршағанын айтып, өнерден кеткісі келетінін жеткізген.
«Бір күні келіп: “Әке, бәрін қойсам қайтеді, шаршадым” деді. Сонда мен “Өзің таңдаған жол ғой. Онда жүр, базарға барып ағаш сатайық” дедім. Ол “Жоқ, сата алмаймын” деді», – дейді Нұртас Айдарбеков.
Сонымен қатар ол танымалдылықтың да оңай еместігін атап өтті. Айтуынша, кейде түрлі кедергілер мен түсініспеушіліктер өнер адамына ауыр тиеді.
«Бір тойға бара алмай қалса, сол облыстағы адам қызметтен кеткенше түрлі жолмен кедергі жасайды. Сондай жағдайлардан кейін шаршағаны ғой», – деді ол.
Желі қолданушылары бұл сұхбаттан кейін өнер адамдарының өмірі сырт көзге көрінгендей оңай емес екенін айтып, Қайрат Нұртасқа қолдау білдіріп жатыр.