Контентке өту

Нұржан Төлендиев немересінің бесік тойын дүркіретіп өткізді

Нұржан Төлендиев немересінің бесік тойын дүркіретіп өткізді
ашық дерек

Танымал әзілкеш әрі актер Нұржан Төлендиев отбасындағы үлкен қуанышты көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі немересінің бесік тойын жасап, жақындары мен туған-туыстарының басын қосқан ақ дастарқан жайды. Салтанатты шара дәмханада өтіп, ерекше көңіл күйге ұласты.

Той барысында Нұржан Төлендиев немересіне арнайы ән арнап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жиналған қонақтар жас нәрестеге ақ тілектерін арнап, отбасының қуанышына ортақтасты.

Әлеуметтік желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері де ізгі тілектерін жаудырды.

«Той құтты болсын, баршамызға жұғысты болсын», «Ғұмырлы болсын», «Алғашқы немере тәтті ғой», «Бауы берік болсын» деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Нұржан Төлендиевтің отбасындағы бұл қуанышты жаңалық оқырмандар тарапынан жылы қабылданып, көпшілік өнер иесіне ақжарма тілектерін жолдауда.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты