Контентке өту

«Өгей мен туғанның айырмасы бар ма?» - Абай Бегейдің видеосы қызу талқыға түсті

«Өгей мен туғанның айырмасы бар ма?» - Абай Бегейдің видеосы қызу талқыға түсті
ашық дерек

Жақында ғана босанған Абай Бегейдің екінші жары әлеуметтік желіде қыздарының алғаш рет сахнаға шыққан сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кадрдан Абай Бегей мен жары Фаризаның қыздарына ерекше қолдау білдіріп, айқайлап, шапалақ ұрып отырғанын көруге болады. Сахнада өнер көрсеткен бүлдіршін белсенді, пысық қимылдап, билеп көзге түсті.

Алайда бұл видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі ата-ананың қолдауына сүйсінсе, енді бірі «бәрібір өгей қыз бен туған қызға деген көзқарас бөлек болады» деген пікір қалдырған.

Айта кетейік, соңғы уақытта Абай Бегейдің отбасы жиі назарда жүр. Бұған дейін бірінші некесіндегі қызы Сымбаттың орамалын шешуі, сондай-ақ әншінің сегізінші рет әке атануы да әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.

Бұл жолы да өнер иесінің отбасы көпшіліктің назарынан тыс қалмады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты