Контентке өту

“Өкінбеймін өткен шағыма”: Сырым Исабаев ішкі сырын ақтарды

“Өкінбеймін өткен шағыма”: Сырым Исабаев ішкі сырын ақтарды
ашық дерек

Сырым Исабаев Аман Тасығанға берген сұхбатында көпшілікті ойландыратын әсерлі оқиғасымен бөлісті. Өнер иесі үшін бұл жай ғана естелік емес, жүректе ұзақ сақталған сезімнің әнге айналған сәті болған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әншінің айтуынша, бір күні Шымкент қаласында Chevrolet Cobalt көлігімен жанармай құю бекетіне барған. Сол сәтте өзге көліктен түскен азамат оның қарапайым көлікпен жүргеніне таңырқап: “Сәке, сізге не болған? Бұлай жүрмейтін едіңіз ғой...” деген сөз айтқан.

Сырт көзге қарапайым көрінген осы сөз әншінің жан дүниесіне ерекше әсер етеді. Себебі жұрттың адамды мінген көлігіне қарап бағалайтынын сол сәтте анық сезінген. Бірақ Сырым Исабаев бұған намыстанбағанын айтады. Керісінше, адамның абыройы көлікпен өлшенбейтінін іштей түйген.

“Менің Cobalt-ым да, джипім де бар. Бірақ қарапайым көлік мінуден ешқашан қысылған емеспін. Кәсіп болған соң, кобальтты да еркін айдай беремін”, – дейді ол.

Әңгіме осымен аяқталмаған. Әлгі адам кетіп қалғаннан кейін әнші ұзақ уақыт іштегі сезімнен арыла алмай жүргенін айтады. Сол сәтте көкейдегі мұңды, айта алмаған ойын ән арқылы жеткізгісі келген.

Сөйтіп, ол аранжировка жасаушы Надыр Шахқа хабарласып, жаңа әуен қосуды сұрайды. Дәл сол көңіл күйден кейін “Өкінбеймін, өкінбеймін өткен шағыма...” деген ән дүниеге келген.

Бұл ән – жай ғана шығарма емес. Бұл – адамның ішкі жанайқайы, өткен өміріне өкпесіз қарауы, жұрттың пікіріне қарамастан өз болмысын жоғалтпау туралы сыр.

Бүгінде тыңдарман жүрегінен орын алған әннің артында осындай шынайы әрі өмірлік оқиға жатқанын көпшілік енді біліп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты