Контентке өту

Өндірісі мықты елдің келешегі кемел: Ауыл түзелмей, өнеркәсіп өркендемейді

Өндірісі мықты елдің келешегі кемел: Ауыл түзелмей, өнеркәсіп өркендемейді

Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі: «Алып зауытты басқарып, тонналаған өнім өндіріп отырған ірі өнеркәсіп басшысын шалғайдағы ауылдың жағдайы неге толғандырады?» Жауабым анық әрі қарапайым: Қазақстанның нақты дамуы мен экономикалық қуаты – тек алып қалалар мен зауыт мұржаларынан шыққан түтінмен ғана өлшенбейді. Өнеркәсіп пен ауыл – бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын, тамырлас бір тұтас организм.

Өйткені ауыл – ұлттық дәстүр мен тарихи сананың алтын қазығы ғана емес, біздің өндіріске қажетті еңбек мәдиниеті мен адами капиталдың негізгі қайнар бұлағы. Сондықтан елдегі кез келген маңызды диалог майданында ауылдық жерлердің өзекті маселелерін көтеру – өнеркәсіп секторы үшін де айрықша маңызды. Зауыт цехында өнім өндіріп жүрген қарапайым жұмысшының артында ауылдағы ата-анасы, бала-шағасы, туған өңірі тұр.

Ауылдың мәселесін назардан тыс қалдыру – мемлекеттің болашағын, соның ішінде ірі бизнестің кадрлық базасын назарсыз қалдырумен бірдей. Біз, өндірісшілер, инфрақұрылымның бағасын жақсы білеміз. Шағын ауылдың тұрғыны үшін сапалы жол, таза ауыз су, үздіксіз интернет, қолжетімді медицина мен мектеп – жай ғана тұрмыстық қажеттілік емес, бұл – сапалы өмір сүрудің ең төменгі стандарты.

Зауытқа келетін жас мамандардың әлеуеті мен денсаулығы, олардың туып-өскен ортасындағы жағдайға тікелей байланысты. Заманауи техниканы меңгеретін, еңбекке адал кадрлар негізінен еңбек мектебі қалыптасқан ауылдан шығады. Б

ірақ ауылдың мәселесі тек тас жол төсеумен немесе су құбырын тартып берумен шектелмейді. Біріншіден, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп кооперациясы яғни ауылдағы шағын және орта бизнесті қолдау, жергілікті шикізатты өңдейтін жаңа жұмыс орындарын ашу қажетпіз.

Сонымен қатар еңбек адамының мәртебесін көтеру де маңызды. Ұлттық құрылтай сияқты мәртебелі жиындарда осындай проблемалардың ашық айтылуы – халық үніне құлақ асудың айқын көрінісі.

Өңірден шыққан өкілдер аймақтың нақты жағдайын жеткізіп, шешу жолдарын ұсынуда. Дегенмен, «Барлығын мемлекет жасап беруі тиіс» деген заңдылықтан арылатын уақыт жетті. Ірі бизнес өкілі және зауыт басшысы ретінде айтарым, өңірдегі әлеуметтік тұрақтылық пен ауылдың дамуына жергілікті қоғам мен ірі кәсіпкерлер де белсенді араласуы тиіс.

Асхат Құндызбаев, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС бас директоры

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты