Контентке өту

Өнерге құрмет: Заманбек пен Мақпалдың әрекеті жұртты жылатты

Өнерге құрмет: Заманбек пен Мақпалдың әрекеті жұртты жылатты
ашық дерек

Қытай Халық Республикасынан арнайы алдырылып, қазақ сахнасына сән берген биші Шұғыла Сапарғалиқызы бір кезеңде елдің ерекше ықыласына бөленген өнер иелерінің бірі болды. Оның таланты халықтың жүрегінен орын алып, қазақ би өнеріне өзіндік өрнек қосты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

1998 жылы марқұм Заманбек Нұрқаділовтың халық атынан бишіге көлік сыйлауы - өнерге деген зор құрметтің, талантқа деген шынайы қолдаудың белгісі ретінде ел жадында қалды. Бұл оқиға сол кезеңдегі азаматтардың өнер адамдарына деген кең пейілі мен ерекше жанашырлығын көрсеткен еді.

Бүгінде сахнадан сирек көрінетін Шұғылаға Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова арнайы “Билеші, биле” әнін арнап, жүрекпен орындап, биге шақырды.

Желіде тараған видео көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендерге өткен күндердің сағынышты сәттерін еске салды. Әлеуметтік желі қолданушылары да жылы пікірлерін жаудырып, сол кезеңдегі өнерге деген құрметті ерекше атап өтті.

«Қандай текті адамдар десеңізші… Өнерді бағалай білетін, талантты көтермелейтін азаматтар. Мақпал апай да, Заманбек аға да – дарынды құрметтей білетін, қолы ашық, жүрегі кең жандар», – деп жазды желі қолданушылары.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты