Контентке өту

«Өнерімізді бағалайтынына қуаныштымыз»: Танымал блогер Моңғолия президентімен кездесті

«Өнерімізді бағалайтынына қуаныштымыз»: Танымал блогер Моңғолия президентімен кездесті
ашық дерек

Танымал блогер Нұргелді Кердеш әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды кездесу өткенін хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, ол әкесімен бірге Ухнаагийн Хүрэлсүхпен жүздескен. Бұл кездесу блогер үшін ерекше оқиға болғанын атап өтті.

«Бүгін әкем екеуіміз Моңғолия елінің президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхпен кездестік. Осындай жоғары лауазымды адамдар өнерімізді бағалайтынына өте қуаныштымыз. Моңғолиядағы оқырмандарыма ыстық сәлеміміз болсын. Жақында сіздермен жолығамыз», – деп жазды ол.

Блогердің бұл жазбасы желіде қызу талқыланып, оқырмандары оның жетістігіне қолдау білдіріп жатыр. Көпшілік мұндай деңгейдегі кездесуді үлкен жетістік ретінде бағалауда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты