Тергеу мәліметінше, блогер әлеуметтік желілерде аудан әкімдері мен бөлім басшылары туралы сын-пікірлер жариялап, жазбаларды алып тастау үшін қаражат сұраған. Аталған лауазымды тұлғалар іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды.
Сот барысында айыпталушы алынған ақшаның бір бөлігін құмар ойындарға жұмсағанын мойындады.
Сот шешімімен Айболат Бөкенов алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жағдайда, ол үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтейді.