Кино әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі саналатын «Оскар» сыйлығының 2026 жылғы жеңімпаздары белгілі болды. Биылғы салтанатты марапаттау рәсімінде басты жүлде режиссер Пол Томас Андерсон түсірген «Шайқастан кейін тағы шайқас» фильміне табысталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Аталған туынды тек басты жүлдені ғана емес, сонымен қатар режиссерге тағы екі маңызды марапат әкелді. Пол Томас Андерсон «Үздік режиссер» және «Үздік бейімделген сценарий» аталымдары бойынша да жеңіске жетіп, үш бірдей «Оскар» мүсіншесін иеленді.
Биылғы марапаттау рәсімінде актерлік шеберлік бойынша да үздіктер анықталды. «Үздік актер» аталымында Майкл Б. Джордан «Күнәһарлар» фильміндегі рөлі үшін жеңімпаз атанды. Ал «Үздік актриса» жүлдесі «Гамнет» фильмінде ойнаған Джесси Баклиге бұйырды.
Сонымен қатар басқа да бірқатар номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік қысқаметражды фильм» аталымында «The Singers, Two People Exchanging Saliva» фильмі жеңіске жетті.
Техникалық номинациялар арасында «Үздік визуалды эффектілер» жүлдесі «Аватар: От пен күл» фильміне берілді.
Деректі кино саласында «Үздік деректі фильм» аталымын «Путинге қарсы мистер Ешкім» туындысы иеленді.
Ал «Үздік халықаралық фильм» номинациясында «Сезім құндылығы» фильмі жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, 2026 жылғы «Оскар» марапатында әлемдік киноиндустрияның үздік туындылары мен шығармашылық иелері анықталды.