Контентке өту

Өскемендегі жарылыс: 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті

Өскемендегі жарылыс: 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті
ашық дерек

Өскеменде орналасқан «Қазцинк» ЖШС аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы ресми органдар мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазіргі мәлімет бойынша, жалпы 9 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның алтауы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынған. Үш адам тексерістен кейін үйлеріне жіберілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт оқшауланып, қазір толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында 40 құтқарушы мен 10 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, үйінділерді аршу және адамдарды іздеу жұмыстарына кинологтар мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары тартылды. 

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты