Контентке өту

«Өте ұят нәрсе»: Дана Нұржігіт журналистердің халықтан киім бағасын сұрауына қатысты ойын айтты

«Өте ұят нәрсе»: Дана Нұржігіт журналистердің халықтан киім бағасын сұрауына қатысты ойын айтты
ашық дерек

Белгілі журналист Дана Нұржігіт халықтың әлеуметтік жағдайына қатысты пікір білдіріп, журналистердің танымал адамдардан киген киімінің бағасын сұрауын сынады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, халықтың басым бөлігі қаржылық қиындық көріп отырған жағдайда қымбат киім мен бұйымдарды көрсету қоғамдағы бәсекелестікті күшейтуі мүмкін.

«Халқының 70-80%-ы кедей тұратын елде жұрттан киімінің бағасын сұрау — журналистер үшін өте ұят нәрсе», – деп ашық айтты Дана Нұржігіт.

Журналист халық несиеден несиеге өтіп жүрген кезде өзгелермен бәсекелесу үшін қымбат заттар сатып алуды дұрыс емес деп санайды.

Дананың бұл пікірі әлеуметтік желіде қолдау тауып, көпшілік журналистің сөзі орынды екенін жазып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты