Контентке өту

“Өтпей қалған зат па?” – Қарақаттың сыйлығы желіні шулатты

“Өтпей қалған зат па?” – Қарақаттың сыйлығы желіні шулатты
ашық дерек

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әріптесі Мөлдір Мұқан ұйымдастырған туған күн кешінде көпшілікті тәнті еткен әсерлі сәттің авторы болды. Өнер иесі кеш барысында Мөлдірдің қызы Айымға айрықша мәні бар сыйлық табыстады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әншінің айтуынша, бұл сыйлық жай ғана тарту емес, өзіндік ырымға негізделген ерекше белгі. Қарақат биыл мүшел жасқа толатынын айтып, қазақы таным бойынша мұндай кезеңде адам өзіне қымбат, жақсы көретін дүниесін басқаға сыйлағаны дұрыс екенін жеткізді.

Сол себепті ол ұзақ уақыт бойы өзіне арнайы тіктіріп, ешкімге қимай жүрген сәнді дизайнерлік бұйымын Айымға сыйлауды жөн көрген. Әнші жас қызға шашқа тағатын әшекей мен корсет табыстады.

“Бізден де асып түссін, жолымызды берсін деген ниетпен осы сыйлықты ұсынып отырмын”, – деді өнер иесі.

Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің түрлі пікірін тудырды. Бірі әншінің ниетін жоғары бағалап, батасын қабыл етсе, енді бірі сыйлықтың өзіне қатысты сын пікірлерін білдірген.

Дегенмен, көпшілік үшін бұл оқиға – өнердегі буын сабақтастығы мен ізгі ниеттің көрінісі ретінде қабылданды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты