Контентке өту

«Өз ақшаңды сұрауға ұяласың»: Ләйлә Сұлтанқызы қарызын қайтармайтындарды сынға алды

«Өз ақшаңды сұрауға ұяласың»: Ләйлә Сұлтанқызы қарызын қайтармайтындарды сынға алды
ашық дерек

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қарыз алып, оны жылдар бойы қайтармайтын адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жүргізушінің айтуынша, кейбір адамдар алған қарызын уақытында қайтарудың орнына түрлі сылтаулар айтып, мәселені созып жүреді.

«1 ай кешіксе түсінемін. Бірақ 1 жыл, 2 жыл, тіпті 5 жылдап бермей жүргендер бар. Бір уақытта өз ақшаңды сұрауға да ыңғайсызданып қаласың», – деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы мұндай жағдайдың адамды қолайсыз күйге түсіретінін айтып, қарыз мәселесіне жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.

Сондай-ақ ол әзіл-шыны аралас қарызын қайтармаған адамдардың есімдерін жариялау туралы да ойланғанын айтты.

Тележүргізушінің жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның пікірін қолдады. Олардың сөзінше, қарыз алып, оны ұзақ уақыт бойы қайтармай жүру қоғамда жиі кездесетін мәселелердің біріне айналған.

Желі қолданушылары мұндай жағдайда қарыз берушінің емес, қарыз алушының жауапкершілігі жоғары болуы тиіс екенін атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты