Контентке өту

Президент атынан Қанат Айтбаевқа «Парасат» ордені табысталды

Президент атынан Қанат Айтбаевқа «Парасат» ордені табысталды
ашық дерек

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында белгілі композитор, продюсер, музыкант, «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан Қанат Айтбаевқа «Парасат» орденін табыстады.

Бұл жоғары марапат Қанат Айтбаевтың ұлттық мәдениетті дамытуға, өнер саласының өркендеуіне және қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Қанат Айтбаев – талантты музыкант, композитор әрі продюсер. Ол әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолында маңызды рөл атқарып, отандық өнердің халықаралық аренада танылуына зор үлес қосып келеді.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай табысталған бұл марапат өнер қайраткерінің көпжылдық еңбегіне берілген жоғары баға болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты