Әлеуметтік желіде “Хан” есімімен танымал асабаға қатысты даулы жағдай күн өткен сайын ушығып барады. Бұл жолы көпшіліктің назарында қалған оқиғаға асабаның жұбайы үн қатып, бірнеше сторис арқылы өз позициясын ашық білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ол соңғы уақытқа дейін үнсіз келгенімен, бұл әлсіздік емес екенін атап өтті. Айтуынша, жағдайды бақылап, сабыр сақтаған, алайда өзіне бағытталған айыптаулар мен қысым күшейген соң, ашық сөйлеуге мәжбүр болған.
«Осы күнге дейін үндемесем, бұл басынуға болады деген сөз емес. Маған тағылған айыптарға қатысым жоқ. Мұндай жағдайды ешкімге тілемеймін», - деп жазды ол.
Сондай-ақ, асабаның жұбайы тараған видеолардың жеке кеңістікте түсірілгенін айтып, олардың жария болуы үлкен соққы болғанын жеткізді.
«Бұл видео көшеде емес, өз үйімізде түсірілген. Егер өзіміз таратсақ, неге 2 жыл бойы жарияламай жүрдік?» - деп көпшілікке сауал тастады.
Ол өзіне қатысты айтылған сын-пікірлер мен айыптауларға заң аясында жауап берілетінін қатаң ескертті.
«Кім менің ар-намысыма сөз келтірсе, бәрін заң алдында жауапқа тартамын. Қажет болса, Президентке дейін барамын!» - деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол бұл істі соңына дейін жеткізетінін және әділдікке қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін мобилографтың анасы да өз шындығын айтып, баласына тағылған айыптың негізсіз екенін жеткізген еді. Оның сөзінше, 16 жастағы ұлы небәрі бірнеше күн ғана жұмыс істеп, еңбекақысын толық алмаған.
Қазіргі таңда аталған дау қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тараптардың пікірлері бір-біріне қарама-қайшы болғандықтан, істің нақты мән-жайы тек ресми тергеу нәтижесінде белгілі болады.