Кәсіпкер Жамиля Умай журналист Динара Сәтжан мен оның жұбайы Жұмабек Жанықұлдың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді., деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен қолдауды жоғары бағалап, мұндай қатынас көпшілікке үлгі болатынын атап өтті.
Жамиля Умайдың айтуынша, KFW Astana сән көрсетілімінен кейін болған сәт ерекше әсер қалдырған. Оның сөзінше, шарадан соң Жұмабек Жанықұлдың жұбайына білдірген қолдауы шынайы құрметтің көрінісі болған.
«Жұбайлардың бір-біріне қолдауы – бұл сән-салтанат па? Жоқ. Бұл – базалық стандарт. Оны Жұмабек Жанықұл мен Динара Жанықұл көрсетіп жүр», – деп жазды кәсіпкер.
Алайда желі қолданушылары бұл пікірмен толықтай келісе қоймады. Әлеуметтік желілерде ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты түрлі, кейде сынға толы пікірлер жазылған.
Пікір қалдырушылардың бірі:
«Біреудің бақытын ұрлап, біреудің әкесін алып бақытты болмай-ақ қойсыншы», – десе, енді бірі:
«Қайдағы махаббат? Көпшілік алдында өтірік сияқты көрінеді», – деп жазған.
Сонымен қатар кейбір қолданушылар Динара Сәтжанның әрекеттеріне күмәнмен қарап, оның қарым-қатынасына қатысты өз көзқарастарын ашық білдірген.
Айта кетейік, аталған жұп әлеуметтік желіде жиі бірге көрініп, көпшілік назарында жүр.