Белгілі қазақстандық боксшы Қанат Ислам Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Федерация таратқан ақпаратқа сәйкес, Қанат Ислам әуесқой бокста Қытай құрамасы сапында өнер көрсетіп, Бейжің Олимпиадасында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген.
Айта кетейік, ол 2010 жылдан бері Қазақстан азаматы. Сонымен қатар, «Астана Арландары» кәсіпқой клубының намысын қорғап, кәсіби рингте де жоғары нәтижелерге жетті. Кәсіпқой бокста 30 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде қарсыласын нокаутпен жеңген.
Енді Қанат Ислам отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, жас спортшылардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін арттыруға үлес қоспақ.
Еске сала кетейік, ол бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe тұжырымдары бойынша чемпиондық титулдардың иегері атанған.