Контентке өту

Қапеновтерге халықаралық іздеу жарияланды: тергеу жаңа деректерді мәлімдеді

Қапеновтерге халықаралық іздеу жарияланды: тергеу жаңа деректерді мәлімдеді
ашық дерек

Ағайынды Азамат және Медер Қапеновтер ірі көлемдегі мүліктік дауға байланысты тергеу назарына ілінді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Тергеу мәліметінше, олар кәсіпкер Анатолий Балушкинге корпоративтік және қаржылық мәселелерді шешуге көмектесуге уәде беріп, 2021 жылы «ПТД» ЖШС-нің 25 пайыз үлесін Медер Қапеновтің атына рәсімдеткен деген күдікке ілінген.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, кейін олар кәсіпкермен байланысын үзген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 52 миллион рубльге бағаланып отыр.

Тергеушілердің айтуынша, Азамат пен Медер Қапеновтер ұсталған жағдайда бірден қамауға алынады.

Айта кетейік, «Азия Авто – БИПЭК» компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкин бұған дейін Қазақстанда алаяқтық және салық төлеуден жалтару ісі бойынша сырттай 9 жылға сотталған болатын. Ал оның бұрынғы серіктесі Ерік Сағымбаев 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар Азамат Қапеновке қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, сот қамауға алу туралы санкция шығарған.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты