Контентке өту

“Қатты кетіп бара жатырсыз”: желі қолданушылары Мөлдірге үн қатты

“Қатты кетіп бара жатырсыз”: желі қолданушылары Мөлдірге үн қатты
ашық дерек

Қазақстандық әнші Мөлдір Мұқанның фотосессия барысында түсірілген видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бейнежазбада өнер иесінің ерекше стильде, жаңа образда түсірілім жасап жатқан сәті көрсетілген. Сән мен сұлулықты үйлестірген әншінің бұл образы жанкүйерлерін тәнті етіп, түрлі пікірлерге себеп болды.

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, пікірлерін жарыса жазуда. Олардың арасында әзіл-шыны аралас пікірлер де аз емес.

«Мәке, қатты кетіп бара жатырсыз, тоқтаңыз, бейби!» - деп жазды желідегілердің бірі.

Көпшілік әншінің батыл образы мен өзгерісін жоғары бағалап, шығармашылық ізденісіне сәттілік тілеуде. Ал кейбір қолданушылар жеңіл әзілмен пікір білдіріп, видеоны одан әрі трендке айналдырды.

Айта кетейік, соңғы уақытта Мөлдір Мұқан тың образдармен жиі көрініп, сахналық стилінде жаңашылдық танытып жүр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты