Тревел-блогер Дастан Мұхамедрақым әлемге танымал француз футболшысы Поль Погбаға қазақы нақыштағы сый тарту етті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Блогердің айтуынша, ол атақты спортшыға ұлттық стильдегі тақия мен көкірекше сыйлаған.
«Ұлттық нақыштағы отандық бренд киімдерін де сыйға тарттым. Арқасына жекетін жауып, қолына тақиясын ұстаттым», - деп жазды Дастан Мұхамедрақым әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар блогер Поль Погбаға Қазақстанның табиғатын таныстырып, елдің көрікті жерлерін көрсеткенін айтты.
Айта кетейік, Поль Погба - әлемге әйгілі француз футболшысы. Ол мансабында «Монако», «Ювентус», «Манчестер Юнайтед» сынды ірі клубтардың намысын қорғаған. Сондай-ақ Франция құрамасымен әлем чемпионы атанған.