Контентке өту

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде тағы үш медаль жеңіп алды

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде тағы үш медаль жеңіп алды

Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Турнирдің екі дүркін жүлдегері атанған Виктор Друзин еркін бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді. Осылайша, спортшы жарыстағы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін ол техникалық бағдарламада да қола алған еді.

Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова техникалық бағдарламада күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық жұп жарысты екінші орынмен аяқтады.

Осы бағдарламада Айғаным Саим мен Артур Майданов қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір төрт медаль бар. Әлем кубогының кезеңі 3 мамырда аяқталады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты