Контентке өту

Қазақстан мен Ресей достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Ресей достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады
ашық дерек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Құжатта екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамытуға ерекше мән берілген.

Тараптар Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық, тату көршілік және өзара сенім байланыстарының маңызын атап өтіп, бұл қағидаттар екіжақты ынтымақтастықтың басты негізі болып қала беретінін жеткізді.

Бірлескен мәлімдемеде мемлекеттер арасындағы саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қамтылған.

Сонымен қатар құжатта екі елдің тарихи байланыстары мен ортақ мүдделеріне сүйене отырып, Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы серіктестікті жалғастыруға ниетті екені айтылған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты