Контентке өту

Қазақстан премьер лигасында жаңа дау: «Елімай» төрешіге қатысты ауыр айып тақты

Қазақстан премьер лигасында жаңа дау: «Елімай» төрешіге қатысты ауыр айып тақты
ашық дерек

Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында өткен семейлік «Елімай» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін тағы бір даулы жағдай туындады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

«Елімай» клубының бас бапкері Андрей Карпович матчтың бас төрешісі Арман Исмұратовтың әрекетіне қатысты мәлімдеме жасап, төреші тарапынан дөрекі сөздер мен қоқан-лоқы болғанын айтты.

Бапкердің сөзінше, төреші тек команда өкілдеріне ғана емес, стадионға келген жанкүйерлерге де балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ Карпович жеке әңгіме барысында төреші өзіне «мәселені басқаша шешетінін» жеткізгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Арман Исмұратов чемпионаттың қалған бөлігінде «Елімай» клубына қатысты қысым көрсетілетінін де меңзеген.

Әзірге Қазақстан футбол федерациясы аталған жағдайға байланысты ресми пікір білдірген жоқ.

Оқиғаға байланысты «Елімайдың» жанкүйерлері де үн қатып, Абай облысының әкімі Берік Уәлиге ашық үндеу жолдады. Олар өңір басшысынан жағдайды бақылауға алып, төрешінің әрекетіне құқықтық әрі әділ баға берілуіне ықпал етуді сұрады.

Жанкүйерлердің айтуынша, олардың басты талабы – мәселенің әділ әрі ашық қаралуы. Қазіргі таңда футбол қауымдастығы Қазақстан футбол федерациясының ресми ұстанымын күтуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты