Контентке өту

Қазақстанда ЖОО-ларды қаржыландырудың жаңа моделі мен эндаумент-қорлар жүйесі енгізілуде

Қазақстанда ЖОО-ларды қаржыландырудың жаңа моделі мен эндаумент-қорлар жүйесі енгізілуде

Қазақстанда азаматтардың жоғары білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Үкімет отырысында қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жаңа модельге сәйкес, мемлекеттік тапсырысты бөлу және орналастыру экономиканың қажеттіліктеріне шоғырландырылатын болады. Келесі жылдан бастап жоғары оқу орындарын объективті индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде бағалауды қарастыратын ЖОО-лардың ұлттық рейтингі енгізіледі. Жаңа заңнамалық модель бойынша Қазақстандағы алғашқы «Ғылым және білім эндаумент-қоры» мемлекеттік тіркеуден өтті.

«Мемлекет басшысы жоғары білімді қаржыландырудың жаңа моделін кезең-кезеңімен енгізу туралы Заңға қол қойды. Модель кадрларды даярлау сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарын қалыптастыруға бағытталған. Рейтинг нәтижелері кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде ескерілетін болады. Рейтингтік көрсеткіштері жақсы жоғары оқу орындарына қосымша академиялық дербестік беріледі»,- деп атап өтті министр.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты