Контентке өту

Қазақстандық суретші бір мезетте 6 тұлғаның портретін салып, жұртты таңғалдырды

Қазақстандық суретші бір мезетте 6 тұлғаның портретін салып, жұртты таңғалдырды
ашық дерек

Қазақстандық суретші Мейрамбек Қитанов ерекше өнерімен көпшіліктің назарын аударды. Ол бір уақытта алты қарындашпен алты тұлғаның портретін салып шыққан, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Суретшінің айтуынша, туындыны аяқтауға небәрі 60 минут кеткен. Ерекше сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланып, аз уақыт ішінде көптің қызығушылығын тудырды.

Өнер иесі бұл жұмысын қазақтың бірқатар тарихи тұлғаларының мерейтойына арнаған. Олардың қатарында Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейхан, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Өзбекәлі Жәнібеков және Мұқағали Мақатаев бар.

Желі қолданушылары суретшінің ерекше техникасы мен шеберлігіне тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты