Қазақстанда банкроттық рәсімі аясында азаматтардың 250 миллиард теңге қарызы кешіріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы ғана шамамен 132 миллиард теңге қарызды есептен шығару жоспарланып отыр.
Мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаеваның айтуынша, қазіргі таңда банкроттықтың екі рәсімі бойынша 66 600 адам банкрот деп танылған.
“Жалпы алғанда, банкроттықтың екі рәсімі бойынша 66 600 адам банкрот деп танылды. Олардың 250 миллиард теңге қарызы есептен шығарылады”, – деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтып, төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған.