Контентке өту

«Қазақтың “Ұстазым” деген ұлы сөзін қорлағандар»: Рауан Ахмедов дауға қатысты пікір білдірді

«Қазақтың “Ұстазым” деген ұлы сөзін қорлағандар»: Рауан Ахмедов дауға қатысты пікір білдірді
ашық дерек

Әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты әлеуметтік желідегі дау-дамайға блогер Рауан Ахмедов та үн қосты. Ол Threads парақшасында «Ұстазым» сөзінің келемежге айналуына қарсылық білдірген жазба жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

«Қазақтың “Ұстазым” деген ұлы сөзін қорлаған үлкендер, көз алдымда шаң секілді кішкентай болып кетті!» – деп жазды ол.

Кейіннен блогер өз ойын нақтылай түсіп, жазбасының ешкімнің жеке өміріне немесе қауесетке қатысы жоқ екенін айтты.

«Маған ешкімнің өсегі мен сыбыс әңгімесі қызық емес. Жазған пікірім “Ұстаз” сөзін мазақ мемге айналдырып отырған кісілерге жолданды», – деді Рауан Ахмедов.

Жазба көпшіліктің назарын аударып, мыңдаған лайк пен жүздеген пікір жинаған. Пікір білдірушілердің басым бөлігі блогердің ұстанымын қолдап, әлеуметтік желідегі келемеж бен кибербуллингтің шектен шығып бара жатқанын жазған.

Айта кетейік, соңғы күндері Мөлдір Әуелбековаға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікірталастар өршіп, шоу-бизнес өкілдері мен қоғам белсенділері де өз көзқарастарын білдіруде. Даудың басты тақырыптарының бірі – желідегі әдеп, адам қадір-қасиетін құрметтеу және кибербуллинг мәселесі болып отыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты