Контентке өту

“Қиын кезең бе?”: желі қолданушылары Жузидің жағдайына алаңдаулы

“Қиын кезең бе?”: желі қолданушылары Жузидің жағдайына алаңдаулы
ашық дерек

Блогер Жузи Анна Данченконың YouTube арнасына берген сұхбатынан кейін әлеуметтік желілерде қызу талқы басталды. Эфир барысында оның эмоциясы, күлкісі және өзін ұстау мәнері көпшіліктің назарын аударған., деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сұхбат үзінділері желіде тез тарап, қолданушылар арасында түрлі пікірлерге себеп болды. Бірі Жүзидің бұрынғыдан өзгергенін айтып, оның көңіл күйіне алаңдаушылық білдірсе, енді бірі керісінше сын айтып, оның әрекетін түсінбегенін жазуда.

Кейбір пікірлерде «қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жүрген сияқты» деген болжамдар айтылса, басқалары оның күлкісі мен сөйлеу мәнерін талқылап, әртүрлі тұжырым жасауда.

Сонымен қатар, блогерді қолдаған қолданушылар да бар. Олар әр адамның өмірінде түрлі кезең болатынын айтып, сырттай баға беруге асықпау керектігін алға тартуда.

Қазіргі таңда Жүзидің бұл жағдайға қатысты ресми пікірі жарияланған жоқ. Дегенмен, сұхбаттан кейінгі бұл талқылау оның жеке өмірі мен қоғам алдындағы бейнесіне деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты