Контентке өту

Қосақ мектебінде жаңа спорт залы мен асхана бой көтеруде

Қосақ мектебінде жаңа спорт залы мен асхана бой көтеруде
ашық дерек

Байзақ ауданындағы Қосақ ауылында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Қосақ мектебіне жапсарлас жаңа спорт залы мен асхананың құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Құрылыс жұмыстарының барысымен аудан әкімі танысып, нысандағы атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Жауапты мердігерлермен және сала мамандарымен кездескен аудан басшысы құрылыс сапасы мен мерзімінің қатаң сақталуына ерекше назар аударды.

Жаңа нысандар пайдалануға берілгеннен кейін оқушылар үшін қолайлы жағдай қалыптасады. Заманауи талаптарға сай салынатын спорт залында оқушылар дене шынықтырумен және спортпен толыққанды айналысуға мүмкіндік алады. Ал жаңа асхана балалардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануына жағдай жасайды.

Мектеп инфрақұрылымын жаңғырту білім сапасын арттырумен қатар, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және олардың жан-жақты дамуына оң әсер етпек.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі өңірдегі өзге де маңызды жобалардың жүзеге асу барысын бақылап, барлық нысандардың белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуы қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, аудан көлемінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның нәтижесінде ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және балалар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік туып отыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты