1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Құлан ауылындағы аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Мерекелік жиынға бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде мерекені атап өтті. Іс-шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары мен жас таланттар ән шырқап, би билеп, көрермендерге әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды.
Сонымен қатар балалардың қатысуымен түрлі ойындар, қызықты байқаулар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, мерекенің сәнін келтірді. Бүлдіршіндер шаттыққа толы сәттерді бастан кешіріп, ерекше әсерге бөленді.
Шараның басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мен оларға қамқорлық көрсетудің маңызын насихаттау.
Балаларға қуаныш сыйлаған мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.