Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қыз бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісіп, көпшілікті пікірталасқа тартты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Журналист қыз баланың тәрбиесі мен болмысы ерекше назарды қажет ететінін айтып, ағасының қызы Марияммен бірге өткізген екі күн ішінде оған тым көп ақыл айтып қойғанын жеткізген.
Ол қыз тәрбиесіне келгенде өзіне жоғары талап қоятынын да жасырмады.
«Қыз баланың болмысы да, тәрбиесі де бөлек. Кейде тым қатал болып кететін сияқтымын. Қыздарыңызды қалай жазалайсыздар?» – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары тележурналистің жазбасына түрлі пікір қалдырып, қыз тәрбиесінде қаталдық пен мейірімнің тепе-тең болуы маңызды екенін атап өтті. Кейбірі балаға көп тыйым салмай, түсіндіру арқылы тәрбиелеу қажет десе, енді бірі қазіргі қоғамда қыз бала тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен қарау керек екенін жазған.