Контентке өту

Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты тағы да полицияға жеткізілді

Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты тағы да полицияға жеткізілді

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов тағы да отбасылық жанжалға байланысты қоғам назарын аудартты. Оқиға Алматы қаласының Медеу ауданында тіркелген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері отбасылық жанжал туралы шақырту бойынша оқиға орнына барып, жанжалға қатысқан тараптарды аудандық полиция басқармасына жеткізген.

"Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыру бойынша шығып, оқиғаға қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеріс барысында әйел бастапқыда оған физикалық күш қолданғаны туралы хабарлады, бірақ кейін ұрып-соғу дерегін жоққа шығарды және отбасылық жанжал туралы шағым жасады", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кетейік, бұл жағдай Рахат Тұрлыхановтың аты аталған алғашқы оқиға емес. Бұған дейін, 2024 жылғы 3 қаңтарда әншіге қатысты отбасылық жанжал бойынша іс қаралған болатын. Сол кезде ол өз кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түріндегі жазаға тартылған еді.

Кейін сот алқасының шешімімен бұл жаза өзгертіліп, ескерту орнына 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.

Оқиғадан кейін Рахат Тұрлыханов пен оның жұбайы Алтынай әлеуметтік желі арқылы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бәріңізге сәлем. Бұл - Рахат Тұрлыханов және жұбайым - Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар", – дейді видеода әнші.

Ал оның жұбайы жағдайға қатысты өз ойын былай жеткізді:

"Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат - қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", – дейді әншінің жұбайы видеода.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты