Режеп Тайип Ердоған Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғашқы иегері атанғанына қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Түркия Президенті бұл марапатты Түркия Республикасы мен түрік халқына көрсетілген ерекше құрмет пен ілтипаттың белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.
- Бұл орденді Түркия Республикасы мен түрік ұлтына деген ықыластың белгісі деп санаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты нығайтуға бағытталған көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, шынайы алғысымды білдіремін. Бауырластығымыз бен достығымыз мәңгі болсын, – деді Режеп Тайип Ердоған.