Контентке өту

Роза Рымбаева сахнамен қоштасуды жоспарлап жүргенін айтты

Роза Рымбаева сахнамен қоштасуды жоспарлап жүргенін айтты
ашық дерек

Роза Рымбаева сахнадағы шығармашылық жолын аяқтау туралы алғаш рет ашық пікір білдірді. Өнер иесі бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасы эфиріндегі «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әншінің сөзінше, өнер адамы үшін сахнадан дер кезінде кету – өте маңызды шешім. Ол 50 жылдық шығармашылық кешінен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүргенін жасырмады.

«Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың», – деді әнші.

Роза Рымбаеваның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Көпшілік халық әртісінің қазақ эстрадасындағы орны ерекше екенін айтып, оның өнердегі еңбегіне алғыс білдіруде.

Айта кетейік, Роза Рымбаева – қазақ музыка өнеріндегі ең танымал тұлғалардың бірі. Ол бірнеше буын тыңдарманның сүйікті әншісіне айналып, ұлттық эстраданың дамуына зор үлес қосты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты