Қайғылы оқиға бойынша 23 қаңтар күні ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, аса ауыр қылмысқа 2008 және 2009 жылы туған екі жасөспірім күдікке ілінген еді.
Қала басшысы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, күдіктілердің жеке басы анықталып, құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғанын жеткізді.
Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар бұл іс Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған.