Контентке өту

Садраддин мен Дарикорнның видеолары желіде қызу талқыға түсті

Садраддин мен Дарикорнның видеолары желіде қызу талқыға түсті
ашық дерек

Соңғы уақытта әнші Садраддин мен блогер Дарикорнның бірге түсірген видеолары әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырып жүр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Желіде жиі бірге көрінетін қос контент авторының қарым-қатынасы көпшіліктің назарын аударған. Оқырмандардың бір бөлігі олардың ортақ жобалары мен видеоларын қолдаса, енді бірі блогердің отбасылық жағдайын алға тартып, түрлі пікір білдіруде.

Әсіресе әлеуметтік желі қолданушыларының арасында «күйеуі бар әйелдің жас жігітпен жиі бірге контент түсіруі дұрыс па?» деген сұрақ жиі көтерілуде. Кейбір оқырмандар Дарикорнды сынға алып, олардың арасында нақты қандай байланыс бар екенін сұрап жатыр.

Алайда Садраддин де, Дарикорн да бұл пікірлерге қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан олардың қарым-қатынасына қатысты тараған болжамдар әзірге желі қолданушыларының жеке пікірі ғана болып отыр.

Дегенмен, қос блогердің қатысуымен жарияланған видеолар әлеуметтік желілерде кең таралып, көпшіліктің талқысына айналды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты