Контентке өту

Сән-салтанат пен жұлдызды кеш: Мөлдір Мұқанова туған күнін дүркіретіп атап өтті

Сән-салтанат пен жұлдызды кеш: Мөлдір Мұқанова туған күнін дүркіретіп атап өтті
ашық дерек

Танымал әнші Мөлдір Мұқанова туған күнін ерекше форматта, сән-салтанатпен атап өтіп, өнердегі достарын бір кешке жинады. Кештің басты ерекшелігі – жұлдызды қонақтардың қатысуы мен жылы атмосфера болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мерекелік жиында сахна төріне көтерілген Қыдырәлі Болманов қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кештің көркін қыздырды. Оның орындауындағы әндер кешке жиналған көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.

Кештен кейін өнер иесі әлеуметтік желіде әсерімен бөлісіп, Мөлдір Мұқановаға деген ақ тілегін арнады. Ол әншінің кішіпейілділігі мен ағаларға деген құрметін ерекше атап өтіп, ақ батасын берді.

Бұл кеш әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, көпшілік тарапынан жылы пікірлерге ие болды. Қонақтардың айтуынша, мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше есте қалған.

Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар тұлға. Ол тек әншілікпен ғана емес, продюсерлік, мәдени-ағартушылық бағыттағы жобаларымен де танылған. Оның шығармашылығы мен еңбегі қазақ музыкасының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты