Рейстің басты мақсаты – Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында 2025 жылы дүниеге келген нәрестеге жедел медициналық көмек көрсету болды. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, сәбиді облыстық деңгейдегі мамандандырылған емдеу мекемесіне жеткізу қажет деп танылған.
Тасымалдау кезінде санитарлық авиация бригадасының құрамында тәжірибелі дәрігерлер мен фельдшерлер болып, ұшу барысында баланың жағдайы тұрақты бақылауда ұсталды. Бұл тәсіл уақыт жоғалтпай, науқасты қысқа мерзімде қажетті медициналық көмек көрсетілетін орталыққа жеткізуге мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда сәби Жамбыл облыстық балалар ауруханасына аман-есен жеткізіліп, тиісті ем қабылдап жатыр. Мамандар оның жағдайын бақылауда ұстап, қажетті медициналық шараларды жүргізуде.