Продюсер Баян Мақсатқызы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Сұхбат барысында журналист продюсерден Бақытбек Есентаев шаңырақ көтеріп, Тұрсын екеуін үйлену тойына шақырса, барып құттықтай ма деп сұрады.
«Біріншіден, ол шақырмайды. Екіншіден, бармаймын. Бірақ бақыт тілеймін», – деп жауап берді Баян Мақсатқызы.
Продюсер бұрынғы күйеуінің туыстарымен де араласпайтынын айтты. Ол өткен өміріне қатысты ойын «сағым» сөзімен сипаттады.