Контентке өту

«Сатқындық болса да кетпеймін»: Дарикорнның сөзі желіні екіге бөлді

«Сатқындық болса да кетпеймін»: Дарикорнның сөзі желіні екіге бөлді
ашық дерек

Желіде қызу талқыланған әсерлі сәттердің бірі – Songy mahabbat жобасындағы Дархан мен Дарикорнның ашық сұхбаты болды. Жоба қонағы ретінде келген блогерлер бұл жолы тек ойын-сауық үшін емес, жүрек түкпіріндегі шынайы сезімдері жайлы терең әңгіме өрбітті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сұхбат барысында махаббат, сенім және опасыздық тақырыптары қозғалды. Әсіресе, «кешіру» мен «сатқындық» туралы қойылған сұрақтар студиядағы атмосфераны бірден ауырлатып, көрерменді де ойға қалдырды.

Дарикорн өз пікірін жасырмай, ашық жеткізді. Оның айтуынша, тіпті Дархан көзіне шөп салған жағдайда да, бірден ажырасу дұрыс шешім емес. Ол үшін ең маңыздысы – балаларының әкесіз өспеуі. Бұл ойы көпшілікті бей-жай қалдырмады.

Аталған пікір әлеуметтік желі қолданушыларын екіге бөлді. Бірі оны отбасы құндылығын бәрінен жоғары қоятын парасатты әйел деп бағаласа, енді бірі мұндай ұстанымды өзін құрбан етуге дайын әлсіздік ретінде қабылдады.

Ал Дархан өз кезегінде сенім мен жауапкершілік мәселесіне тоқталып, отбасы тек сезімге ғана емес, үлкен аманатқа негізделетінін атап өтті.

Желіде қызу пікірталас тудырған бұл сұхбат қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтары, кешірім мен жеке шекара мәселелерін қайта бір ой елегінен өткізуге себеп болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты