Контентке өту

Шавкат Рахмонов пен экс-әйелі Тоқаев берген үйге «таласып жатыр»

Шавкат Рахмонов пен экс-әйелі Тоқаев берген үйге «таласып жатыр»
ашық дерек

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен оның экс-жұбайы Гүлайым Рахмонова арасындағы дау қоғам назарын аударды. Даудың негізгі өзегі – спортшыға сыйға тартылған жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелер, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Гүлайым Рахмонованың айтуынша, спортшыға екі бірдей пәтер сыйға берілген. Оның бірі – мемлекет басшысы тарапынан табысталса, екіншісі қазақстандық кәсіпкер Әлидар Өтемұратов тарапынан берілген.

Алайда бұл баспаналардың рәсімделуі тараптар арасында келіспеушілік туындатқан. Рахмонованың сөзінше, кәсіпкер сыйлаған үй спортшының анасының атына жазылған. Ал мемлекет басшысы табыстаған пәтер Шавкат Рахмонов өз атына рәсімдеген.

Балалардың мүддесі – басты мәселе

Экс-жұбайының айтуынша, ол бұл үйлерді ортақ балалардың атына рәсімдеуді ұсынған. Алайда спортшы бұл ұсыныспен келіспеген.

Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар, ал Гүлайым Рахмонова бесінші сәбиіне аяғы ауыр екені айтылды. Соған қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас күрделене түскен.

Рахмонова бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, балалардың болашағы мен әлеуметтік жағдайы бірінші кезекте қаралуы тиіс екенін атап өтті.

«Менің балаларым өспей ме? Болашақта олардың жағдайы қалай болады? Мен оның табысын кімнен сұрауым керек?» – дейді ол.

Жанжалдың себебі – отбасылық қатынастар

Айта кетейік, бұл жанжалдың туындауына ене мен келін арасындағы түсініспеушілік себеп болғаны да айтылуда. Гүлайымның сөзінше, спортшы отбасылық таңдауда анасының пікірін басты орынға қойған.

Бұл жағдай қоғамда түрлі пікір туғызып отыр. Бір тарап спортшының шешімін қолдаса, енді бірі балалардың мүддесі бірінші орында болуы тиіс екенін алға тартуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты