Алдын ала анықталған деректерге сәйкес, үй жағдайында босанған 20 жастағы әйел табылған. Оның айтуынша, сәби өлі күйінде дүниеге келген. Бұл ақпаратты Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Тергеу барысында нәресте денесін контейнерге қалдырған адамның кім екені анықталғаны хабарланды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Нәрестенің денесі сараптамаға жіберілген, оның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданып, барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.