Ресми ақпаратқа сәйкес, Серік Сәпиев министрдің кеңесшісі ғана емес, сонымен қатар жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі міндетін атқарады.
– Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды, – делінген хабарламада.
Министрлік бұл шешімнің өткен жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңартылған редакциясында қарастырылған ротация тәртібі шеңберінде қабылданғанын атап өтті.